Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz – Бақытжан Сағынтаев «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінде ұсынылған жаңа технологияларға қатысты мәселелерді талқылау мақсатында жиналыс өткізді, деп хабарлайды ҚР премьер-министр баспасөз қызметі.
Жиында «ЭКСПО-2017» көрмесінде ұсынылған жаңа технологияларды қолдану мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы, теміржол көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, азаматтық авиация қызметі, қорғаныс және аэроғарыштық өндіріс салалары бойынша ұсынылған жобалар басымдылыққа ие болды.
Сондай-ақ, шара барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Энергетика министрлігінің жұмысы туралы ақпарат тыңдалды.
Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша, жұмыс тобына ұлттық компаниялардан сарапшылар тартылып, көрмеде ұсынылған 105 шетелдік және 28 отандық технологиялар іріктелініп алынды.
Шара нәтижесінде, ұсынылған жаңа технологиялардың базалары құрылып, ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. Сондай-ақ тәуелсіз жобалар, авторлар мен инвесторлармен бірлескен жобалар әзірленді.
Кездесу барысында ұлттық компаниялардың 25, ал облыстық әкімдіктердің 85 технологияны таңдағаны белгілі болды. Осыған қатысты арнайы жол картасы жасалып бекітілді.
Айта кетейік, мұнай-газ саласында 25, электр энергетикасы – 24, көмір – 5, ал экология саласында 36 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024