Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астана электротехника зауыты IT-инфрақұрылымын іске қосты

Астана электротехника зауыты  IT-инфрақұрылымын іске қосты

Астана. 12 сәуір. 7kun.kz - Астана электротехникалық зауыты Office365 for Business көмегімен IT-инфрақұрылымын оңтайландырды. Бұл туралы Қазақстан баспасөз клубы хабарлады.

Сертификаттатталған электротехникалық өнімді өндіретін отандық Астана электротехникалық зауыты (АЭТЗ) өз жұмысына Office 365 Business жүйесін енгізді. Қазірдің өзінде компанияның 60%-дан астам қызметкері бұлт жүйеде жұмыс жасауда.

«Microsoft өнімдерімен бұрыннан таныспыз және де оны қолдану барлығы үшін айтарлықтай жеңіл. Сондықтан біздің қызметкерлерімізге Office 365 Business жүйесіне өту қиындық туғызған жоқ. Ал жастар бұлтта жұмыс жасауды санаулы күндер ішінде игеріп кетті. Қызметкерлер браузер арқылы кіріп, кестелерді бірге редакциялайды. Бұл өте ыңғайлы, яғни әрбір қызметкердің қандай жұмысты атқарып жатқанын бірден білуге болады», - деп атап өтті зауыттың бас директоры Асқар Сыздықов.

Microsoft компаниясының бұлттық өніміне өту нәтижесінде отандық өндіруші негізгі бағдарламалар мен құжаттарға тұрақты әрі қауіпсіз түрде қол жеткізіп жатыр. Сондай-ақ, IT-инфрақұрылымның іске қосылуына байланысты орын алатын күтпеген жағдайлардың саны да барынша азайып отыр. АЭТЗ-на арнап бапталған жүйе арқылы құпия ақпараттың байқаусызда жіберілу немесе ұрлану қаупі төмендейді.

«Әрбір қызметкерге шаққанда, Microsoft ұсынған Office 365 Business жүйесі күніне шамамен 125 теңгеге түседі, кәсіпорынның алаңсыз жұмыс жасауы үшін бұл соншалықты үлкен ақша емес», - деп пікірімен бөлісті АЭТЗ өкілі Әлішер Мұхаметжанов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қазақстандық өндірушілер арасында Microsoft өнімдері мен бұлтты технологияға деген сұраныс артып келеді.

Похожие материалы