«Астана-Энергия» АҚ 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап тарифтерінің бағасын 19,87%-ға көбейтіп отыр. Яғни, жылу энергиясы енді 1238 теңге емес, 1484 теңге/Гкал болады.
"Астана-Энергия" АҚ-ның басқарма төрағасының бірінші орынбасары Олег Уткиннің айтуынша, тарифтердің өсуі - жоспарланған шара болып отыр. Себебі, компания шығынға ұшырауда. Ал, тарифтерді көтерсе, шығын шамалы болса да азаяды.
«Осы жылы біздің шығынымыз көбейіп кетті. Биылғы жылы оның көлемі миллиард екі жүз болып отыр, шамамен 20%. Материалдардың бағасы өсіп жатыр. Былтырғы жылы біз тарифті өсірмеген болатынбыз. Осы жылы 1 шілдеден бастап көтеріледі. Мұндай жағдайда жұмыс жасау оңай емес, әрине. Бірақ, біз Астананың жылумен қамтамасыз етілуі үшін барымызды саламыз. Біз тіпті кейбір жеткізушілерге келіскен бағасынан аз төлеп жатамыз. Десе де, олармен жұмыс істеуге мәжбүрміз. Күндердің күнінде бұл жағдай өзгеріп, шығыны көп жылу түрі шығыны жоқ түріне айналады деп үміттенеміз» - дейді Олег Уткин.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024