Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы жанынан Құқықтық консультациялық кеңес құрылды

«Астана» халықаралық қаржы орталығы жанынан Құқықтық консультациялық кеңес құрылды

Алматы. 5 мамыр. 7kun.kz - Лондонда «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) жанынан құрылған Құқықтық консультациялық кеңестің бірінші отырысы өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Шараның ашылу сөзін «Астана» халықаралық қаржы орталығы басқарушысы Қайрат Келімбетов, ҚР-дың Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов және Англия мен Уэльстің экс Бас Жоғарғы Судьясы Лорд Гарри Кеннет Вульф алды.

Жиналысқа аталған кеңестің құрамына кіретін Ұлыбританияның беделді заң фирмалары қатысты.   Кеңес міндетіне қаржы орталығының жобаларындағы актілерді қарау және сараптау, сондай-ақ, өзге де кеңес беру қызметтері жатады.

Сонымен қатар, Кеңес құзіретіне Англия мен Уэльстің құқықтық қағидаларын негізге ала отырып, құқықтық базаны қалыптастыру және де әлемдегі жетекші қаржы орталықтарының стандарттарымен жұмыс істеу де кіреді.

Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовтің сөзінше, Англия мен Уэльстің құқықтық құзіреті жүретін елдерде тәжірибесі бар сарапшылар құрамына кіріп отырған Кеңес болашақта қаржы орталығының актілерін әзірлеу мен оның қызметіне көп көмегін тигізбек. Ол сондай-ақ, Құқықтық Консультациялық Кеңестің жұмысына Baker McKenzie, Devonshires, Hogan Lovells, Michelmores, Norton Rose Fulbright, және White&Case секілді әлемнің белді компаниялары да тартылып отырғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі  -  ағылшын тілі болады. АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласын инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. Лорд Гарри Кеннет Вульф - Ұлыбритания Лордтар Палатасы адам құқықы жөніндегі Біріккен комитетінің мүшесі, құқық ұлықтығы жөніндегі Бүкілпартиялық Парламенттің топ Төрағасының орынбасары. Лорд Вульф Англия және Уэльстің Жоғарғы соты, Катар қаржы орталығы коммерциялық және азаматтық сотының Президенті, Blackstone Chambers арбитрі және медиаторы қызметтерін атқарған.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/astana-halykaralyk-karzhy-ortalygy-zhanynan-kukyktyk-konsul-taciyalyk-kenes-kuryldy_a3024091

Похожие материалы