Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz – «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясын «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» АҚ деп өзгерту туралы қаулы жобасын ҚР Сауда және интеграция министрлігі ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі: «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып өзгертілсін; «QazExpoCongress» ұлттық компаниясының 100% мөлшеріндегі мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне берілсін», - делінген құжатта.
Қаулыда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты «QazExpoCongress ұлттық компаниясының» директорлар кеңесіне сайлаудың жоспарланған тәртібі туралы айтылған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024