Елорда күніне орай қалалық сауда желілерінде мерекелік акциялар өтеді деп жазады inform.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 1-19 шілде аралығында «5 минут» супермаркетінде жеңілдіктер акциясы өтеді. Мұнда күн сайын сағат 20:00-ден бастап аспаздық тағамдарға 30% жеңілдік жасалады, сонымен қатар 6 шілдеде Тұран, 24, Жангелдин, 31А, Рысқұлбеков, 4 мекенжайлары бойынша орналасқан дүкендерде тәтті тағамдардан дәм татуға болады. Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының хабарлауынша, «Әнуар» супермаркеттер желісінің барлық дүкендерінде жеңілдіктер 17-50% құрайды.«АқОрда Capital» ЖШС-інде мерекеге орай азық-түліктерге (сүт өнімі - 7-15%, жұмыртқа - 10%, құс еті - 10%, тәттілер - 30%, сусындар - 20%) 30%-ға дейін жеңілдіктер жасалады. Ал елордалық «Мастер», «Аружан» және «Хан Шатыр» орталықтарындағы «Green» сауда желісі 1-7 шілде аралығында өз тауарларын 17% жеңілдікпен сатады және шілденің 6-сы күні мұнда келушілер ерекше ілтипат бөлінбек: әр сатып алушыға, балаларға тәтті тағамдар ұсынылады. Астықжан» сауда орталығында елорда күні аясында тұрғындарға 50% жеңілдіктер жасалмақ. 1-6 шілде аралығында мұнда әлеуметтік маңызы бар тауарларға жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен қатар «Smаll», «А2», «Магнум Кэшен энд Кэри», «Астана мир вкуса» сауда желілерінде де айтарлықтай жеңілдіктер болады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024