Алматы. 6 қыркүйек. 7kun.kz — Бос жұмыс орындарының мәліметтер базасы күн сайын жаңартылып тұрады: қазіргі уақытта мыңдаған жұмыс берушіден 8 343 орын бар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Елорданың мыңдаған жұмыс берушілері өздеріне еңбеккерлер іздеп жатыр. Астана әкімдігінің мәліметінше, қаңтар-тамыз қортындысы бойынша жұмыспен қамту орталығына жүгінгендердің ішінде жұмысқа орналасқандар 71,1 пайызды құрайды. Жұмыс іздеушілер саны 11536 адам, еңбекпен қамтылғаны – 8204 адам (8072 тұрақты жұмысқа, 512 уақытша, 695 жастар тәжірибесі бойынша, 186 адам әлеуметтік жұмыс орындарына және 1739 қоғамдық жұмысқа).
Тізімде ең көп сұранысқа ие бос жұмыс орындарының ішінде – жуушылар, жинаушылар, мұғалімдер, медбикелер, электриктер, слесарь-сантехниктер, сатушылар, аспазшылар бар.
Бұдан бөлек, осы жылы жұмыссыздарды еңбекпен қамту мақсатында 9 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар тұрғындармен әлеуметтік желі арқылы жұмыс жүргізіліп жатыр (Facebook, Twitter, ВКонтакте, Instagram), «CZ Astana» мобильдік қосымшасы құрастырылып, жұмыс істеп жатыр. Онда бос жұмыс орындарын іздеу, кәсіби біліктілікті тестілеу қолжетімді.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024