Астана. 12 мамыр. 7kun.kz - Елорда әкімдігінің хабарлауынша, Астана қ. Astana LRT жаңа көліктік жүйесіндегі құрылыс жұмыстары қызу қарқынмен жүргізілуде.
Компания өкілдері берген ақпаратқа сәйкес, қазір 115-116 аралық өткелдегі жұмыстар басталды, ал 116 станцияның 1 кезегіндегі жұмыс қарқыны жоғары.
«Қазір біз бағаналар қағу жұмыстарын жүргізудеміз, 3 бұрғылау қондырғысы мен 50 жұмыскер тартылған»- деп мәлім етті өндірістік блоктың бастығы Ян Фы.
Маманның айтуынша, 10 мамырда қытайлық құрылысшылар аралық өткелдердің құрылысын салуға ресми рұқсат алған, бірнеше күннен бері жұмыс үзіліссіз жүргізіліп келеді. Қазіргі кезеңде үш бағана қағылды. Нысанда Қытайдан келген 40 маман еңбек етуде, олардың қатарында бұрғылау қондырғыларының операторлары, қаңқаны орнатушы жұмыскерлер және бетон мамандары бар. Қалған 10 адам Қазақстан азаматтары.
«Құрылыс алаңын жоспарлауға және рұқсат құжаттарын алуға тапсырыс беруші қолдау көрсетті. Кешенді қолдау үшін алғыс айтамыз», - деп мәлім етті өндірістік блоктың бастығы.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024