Экономика
Астана мен Алматыдағы тұрғын үй құнына "ақылға қонымсыз" деген баға берілді
"Қазақстан ипотекалық компаниясының" басқарма төрағасы Азамат Ибадуллаев Астана мен Алматыдағы жылжымайтын мүлік бағасын ақылға қонымсыз деп атады.
"Мен Алматыда да, Астанада да нарықта сатылатын жылжымайтын мүлікке белгіленетін бағалар ақылға қонымсыз деп есептеймін. Бұл менің жеке ойым", - деп мәлімдеді ол сәрсенбі күні Астанада өткен брифингте. Бұл ретте А.Ибадуллаев тұрғын үй құнын төмендету үшін мемлекет түрлі шаралар қолданып жатқанын айтты. "Біз еліміздің азаматтары үшін тұрғын үйді қол жетімді ету және бағаларды төмендету үшін отандық құрылыс материалдарын пайдаланып, отандық компанияларды жұмылдырып және осы секілді шараларды қолданып, қажетті нарықты, оның ішінде жалдамалы тұрғын үй нарығын құрғымыз келеді. Біздің бар жұмысымыз осы бағаларды төмендетуге бағытталған. Толық емес жарты жылдың ішінде біз осы бағытта біраз іс бітірдік", - деді ол. Алайда А.Ибадуллаев тұрғын үй арзан бола алмайтынын мойындайтынын, себебі бұл азаматтардың өміріндегі негізгі инвестиция екенін айтты. Сондай-ақ сайтымыздан 2016 жылдың 1 қаңтарынан тұрғын үй салығының жеті есе төмендейтіні туралы ақпаратты оқи аласыз.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024