Астана мен Алматыда ең танымал АИ-92 жанармей маркасына баға төмендеді. Оңтүстік астананың кейбір май құю бекеттерінде тіпті 2-3 теңгеге дейін арзандаған деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Көптеген май құю орындары танымал ГСМ маркасы үшін литріне 107 теңге сұрап отыр. Ал, ең арзан жанармайды литріне 104 теңгеден ала аласыз. Мұндай баға төмендеуі Астана қаласында да байқалуда. Helios, "ҚазМұнайГаз", Sonar және Castrol май құю бекеттерінде АИ-92 литріне 107 теңгеден сатылып жатыр. Sinoil және Royal Petrol бензиндері бір теңгеге арзандаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ал, ең арзан жанармай Total Asia май құю бекетінде – литрі 104 теңге. Sinoil және "Газпромнефть" оның бағасы 107 теңге болса, қалғандарында май құю бекеттерінде - 105 теңге. АИ-95/96 маркалы бензин бағасы 148 бен 157 теңгекөлемінде сатылып жатыр. Айта кетерлігі, бұл маркалар үкімет орнатқан шектік бағалармен қадағаланбайды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024