Мұсылмандар енді электронды терминалдар арқылы садақа бере алады. Барлық қаражат бірден Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына түсіп отырады. Бұл жөнінде ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұл жоба әзірге сынақтан өткізіліп жатыр. Сол себепті терминал тек елордалық Әзірет Сұлтан мешітіне ғана орнатылған.
Мешітке келушілердің берген садақаларын жинау мен қайырылымдылық мақсатында қолданылуының қаншалықты таза өткізіліп жатқанын көрсету үшін осындай қадамға бару туралы шешім қабылданды.
Бірінші кезеңде сынақ жобасы астаналық мешіттерде техникалық мамандардың бақылауында жүзеге асырылады. Олардың басты мақсаты - жүйенің жұмысқа қабілеттілігін тексеріп, олқылықтар болса, келекшекте жөндеу. Осы кезең жақсы өткен жағдайда терминалдар барлық Қазақстанға тарайтын болады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024