Сеул. 14 қараша. 7kun.kz - 2016 жылдың 10 қарашасында ҚР Президентінің Оңтүстік Кореяға сапары кезінде Astana Motors компаниясы мен Hyundai Motor Company Қазақстанда шағын кластағы автобустарды шығару туралы меморандумға қол қойды.
Келісімнің мақсаты - шағын класты автобустар өндірісі үшін компоненттерді дәнекерлеу, сырлау және жеткізу бойынша технологиялық операциялармен қамтамасыз ету. Аталған мемарандумға Hyundai Motor Company атынан Канг Мун Джонг (Kang Mun Jong), Astana Motors компаниясынан Нұрлан Смағұлов қол қойды.
Astana Motors автоқұрастыру зауыты Кедендік одақтың талаптарына сәйкес, Евро-4, Евро-5 техникалық стандарттарына сай болады. Бұл кәсіпорынның өндіріс қуаттылығы мен экспорттық потенциалын арттырады.
Бұдан бөлек, Hyundai County автобустарын сатып алу мүмкіндіктер мемлекеттік бағдарлама аясында қарастырылған. Аstana Motors жеңілдік лизингі бойынша 3% номиналды мөлшерлеме арқылы тұтынушыларға ыңғайлы несие ұсынатын қаржыландыру шарттарын дайындап жатыр.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024