Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада бөлшек сауда көлемі 37 пайызға өсті

Астанада бөлшек сауда көлемі 37 пайызға өсті

Астана. 31 шілде. 7kun.kz - ЭКСПО көрмесінің алғашқы айында Астанадағы бөлшек сауда көлемі 37 пайызға артты. Жалпы республика бойынша тұтынушы тауарын сатып алу 15 пайызға көбейген. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

2017 жылдың басынан бері Қазақстанның бөлшек сауда көрсеткіші жарты жылда 4 трлн теңгеге жетіп, былтырғы жылдан 15 пайызға артты. Ал маусым айында 751 млрд теңгені құрады, 2016 жылдың маусымымен салыстырғанда 13 пайызға артқан.

Нарықтағы халықтың сатып алу үлесі 2000 жылдан бері 75 пайыздан 43 пайызға кеміді. Сауда кәсіпорындары 422 млрд теңгеге қол жеткізді. Бұл 2016 жылдың аталған мерзімінен 22 пайызға артық. Ал нарықта жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер 330 млрд теңгеге қол жеткізді (өсім - 4%).

Аймақтар арасында маусым айында бөлшек сауданың ең жоғарғы өсімі - Астана қаласында тіркелді.

ЭКСПО-ның алғашқы айында астананың сауда айналымы 37 пайызға артқан (былтырғы уақытпен салыстырғанда), 96,3 млрд теңгені құрады.  Ал тіркелген сауда кәсіпорындарының сауда айналымы 67,4 млрд теңгені құрады (өсім - 44%).

Жеке кәсіпкерліктердің сауда айналымы 22 пайызға артты.

Азық-түліктік емес тауарлардың саудасы маусымда 50 пайызға артып, 64,6 млрд теңгеге жетті. Ал азық-түлік тауарлары 31,7 млрд теңгені құрап, 16 пайыздан асты.

Азықтық емес тауарлардың бөлшек жетілдірілуі республикада маусымда 464 млрд теңгені құрады (өсім - 10%), азық-түліктік тауардағы өсім 19 пайызды көрсетті (257,5 млрд теңге).

Похожие материалы