Астана. 21 желтоқсан. 7kun.kz - Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына қарай жаңа теміржол воказылының құрылысы аяқталады, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Мәмин.
«Вокзал кешені «ЭКСПО-2017» қарай аяқталуы тиіс. Негізгі жұмыстар 2016 жылдың соңына қарай аяқталады деп жоспарланып отыр», - деді А.Мәмин.
Оның айтуынша, жаңа вокзал «Мыңжылдық» аллеясының бойында, Бейбітшілік және келісім сарайынан ары орналасады. Бүгінгі таңда ғимараттың қаңқасы тұрғызылды.
Компания басшысы айтып өткендей, құны 60 млрд теңге болатын вокзал заманауи стандарттар бойынша салынады.
Фото:365info.kz