Астана. 9 қаңтар. 7kun.kz – Жалған курьер елорда тұрғындарына 3,6 миллион теңгеге залал келтірді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оған елорданың 24 тұрғыны алданып қалды. Ер адам «Яндекс.Курьер» мобильді қосымшасында тіркелген.
«Күдікті тапсырыс берушіден өтінімді қабылдап, дүкенге жаңа тауар алуға барған, бірақ клиентке жеткізбей, өзі иеленіп отырған. Алданған қала тұрғындары курьердің ұялы телефонына хабарласа алмаған. Сондай-ақ ол ұялы телефондар, ноутбуктер, сымсыз құлаққаптар және басқа да құрылғыларды меншіктеп алған» – деп хабарланды Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте.
Ер адам мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024