Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада 77 жастағы зейнеткер алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

Астанада 77 жастағы зейнеткер алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

Астана. 17 қазан. 7kun.kz – Астанада танысын 7 миллион теңгеге алдап кеткен 77 жастағы зейнеткер ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп, танысын алдаған. Жәбірленуші оған сеніп 7 миллион 450 мың теңгесін берген. Бірақ зейнеткер әртүрлі сылтау айтып, хабарсыз кеткен. Содан жәбірленуші полицияға арыз жазды.

Байқоңыр аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде алаяқтық жолмен ақша тапқан зейнеткерді ұстады. Ол өз кінәсін мойындады.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Похожие материалы