2016 жылғы қаңтар-тамызда тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 91 374,9 млн теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамызда - 107,3%. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 19,8%-ды құрады.
Астанада пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 24,5% ұлғайды. Үстіміздегі жылдың 8 айында барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 13373 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
«Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1491371 шаршы метрді құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейден 24,5%-ға жоғары», – деп хабарлайды Астана қаласының статистика департаменті.
Оның мәліметінше, жеке салушылармен жалпы ауданы 120 064 шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамызға - 3,9 есе. Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жалпы көлемінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 8,1%-ды құрады, 2015 жылғы қаңтар-тамызда 2,6%-ды құраған болатын.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024