Астана. 21 қазан. 7kun.kz – Астанада аяқ киімі дүкендерінің бірінде ер адам әйелді пышақтап кетті, деп хабарлайды 7kun.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
20 қазан 18.30-да 102 арнасына ер адамның әйелді пышақпен өлтіргені туралы қоңырау түскен. Ер адам аяқ киім дүкеніне кіріп, кассаға жақындап, әйелдің әріптесін итеріп жіберіп, ал өзіне пышақпен шабуыл жасаған.
Салдарынан 32 жастағы әйел жедел жәрдем қызметі келгенше қайтыс болды. Елордалық полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды ұстады. Заттай дәлел тәркіленген. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024