Астана. 18 қараша. 7kun.kz – Елордада алаяқтықтың бірнеше дерегіне қатысы бар екі студент ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
19 жастағы екі жігіт тауарлық несиелер бойынша 19 азаматты алдаған. Олардың арасында достары, курстастары мен таныстары бар.
«Қылмыстық схема ойлап тауып, күдіктілер таныстарына банктен тауарлық несие рәсімдеп беруді ұсынған. Көбінде Iphone ұялы телефонының соңғы модельдерін сатып алған. Жігіттер банктегі байланыстары арқылы кредиттердің күшін жоя аламыз деп сендіріп, қызметі үшін азаматтарға 100 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін төлеген. Жаңа гаджеттерді алғаннан кейін олар оны қаланың сауда үйлерінде сатқан» – делінген хабарламада.
Полиция мәліметінше, Есіл аудандық тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілерді қолға түсірді. ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Келтірілген залал сомасы және зардап шеккендердің саны анықталуда.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024