Биылғы күзде «Хабар» арнасының көрермендеріне алғаш рет «Мектеп», «Арнай репортаж», «Мәртебелі өнер» сынды 7 бағдарлама ұсынылады, деп хабарлайды арнаның баспасөз қызметі.
«Хабар» телеарнасы жаңа маусымда көрермендер үшін көптеген қызықты дүниелер дайындап жатыр. Бұл 30-ға жуық бағдарлама, 20-ға жуық деректі фильмдер. Жаңа маусымда жаңа жобалар болады. Олар қазір түсірілім кезеңінде. Бұл әкімдердің қатысуымен өтетін салиқалы бағдарламалар да, әртістер бір-бірімен жарысатын ойын-сауық бағдарламалары болмақ, жаңа маусымда не болатынын біле аласыздар», - дейді «Хабар» телеарнасының бағдарламалар директоры Дана Мырзатай.
Бұған дейін эфирде болған сәтті 22 жоба, оның ішінде «7 күн» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы, «Оян» танымдық бағдарламасы, «Журналистік зерттеу бөлімі» және басқа да бағдарламалар эфирге жалғасады. Сонымен қатар сериал жанкүйерлерін де қуантады. Биыл 12 отандық телехикая көрсетіледі, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.
«Хабар» дегенде ең бірінші ойға «Келінжан» түседі, ол өте жоғары рейтингті көрсетеді. Бесінші маусымы көрсетіле бастады. Сонымен қатар, «Бозторғай», «Рауза. Сакураның гүлдеуі», «Соңы үміт», «Әпке» және тағы басқалары бар», - дейді «Хабар» телеарнасының директоры Жайна Сламбек.
«Ел арна» телеарнасы жаңа бағытта дамып келеді. Оның жобалары жастар аудиториясына бағытталған. Эфирде «Жаңа қадам», «Кешкі вибе», «Лайфстайл», «Майшам», «Кімнің есінде?» сынды 17 түпнұсқа бағдарлама ұсынылады. және басқалар.
Ал «Хабар 24» көрермендері 35 тележобаны, сонымен қатар кәсіби журналистер командасы дайындаған үздіксіз жаңалықтарды көреді.
Сондай-ақ, «Хабар» жаңа маусымда 20-ға жуық жаңа деректі фильм көрсететіні белгілі болды. Олардың қатарында Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған «Кербұғының киесі», ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған «Құрқұдық», «Халолла», «Әуезовтің құстары» бар.