Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz – Бүгін Астана қаласында VI Қазақстан машина жасаушылары форумы басталды.
Аталмыш форум осымен бесінші рет ұйымдастырылуда. Оның жұмысына Қазақстанда тіркелген әскери атташелер, күштік құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік машина жасау компанияларының өкілдері қатысуда.
Форум аясында шетелдік серіктестермен бірлескен кәсіпорындар құру, технологиялар трансферті туралы меморандумдарға қол қойылады. Сонымен қатар, қатысушылар отандық машина жасауды одан әрі дамыту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасайды.
Форумда Қазақстанның машина жасау саласын дамытудың 2019–2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы таныстырылады, ол орта мерзімді кезеңде саланы дамытудың стратегиялық жоспары болады.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024