Астана. 14 наурыз. 7kun.kz - Астанада Наурыз мейрамы 5 күн тойланады. Мейрам аясында 70 астам шара өткізу жоспарланған. Бұл туралы Әділбек Жақсыбековпен елорда әкімдігінің аппарат отырысындағы кездесуде белгілі болды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Биыл демалыс және мереке күндері наурыздың 19-нан 23-не дейін жалғасады. Сондықтан елордалықтардың демалысына және қоғамдық қауіпсіздікке баса назар аударылатын болады. Қалада Наурыз мейрамы 14 жерде аталып өтіледі. Басты шара 21 наурызда «Сарыарқа» республикалық велотрегінде ұйымдастырылады. Сондай-ақ, «Астана Арена» стадионының алдындағы алаңда халықтық серуен өтіп, Этноаул ашылады. Аталған мейрамға орайластырылған шаралар «Қазақ елі» және «Бәйтерек» монументтерінің алдындағы алаңдарда, Қалалық алаңда, «Студенттік» және «Жерұйық» парктерінде де өтеді. Мерекелік бағдарлама аясында концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар өткізіліп, киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатылады, ұлттық тағамдар ұсынылады.
«Бағдарлама қанық әрі қызықты болуы тиіс, әр адам өзінің бұл іске ортақтас екендігін сезінуі керек. Бұл ретте барлық қалалық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуі қажет», - деді Әділбек Жақсыбеков.
Сондай-ақ, мерекелік бағдарлама аясында концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар өткізіліп, киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатылады, ұлттық тағамдар ұсынылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024