Астана. 24 маусым. 7kun.kz - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Астана бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы А.Мелдебековті РМК өкілінен кезекті рет 3 млн теңге мөлшерінде пара алып жатқан жерінде ұстады. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлады.
Күдікті жүйелі негізде бас мамандар - мемлекеттік аудиторлар Д.Әпейісова мен Ш.Шәмілдің қатысуымен пара алу қылмыстық сызбасын ұйымдастырған.
А.Мелдебековтің қызметтік кабинеті мен тұратын жерін тінту барысында 54 млн теңге мен 120 мың АҚШ доллары табылды. А.Мелдебеков Астана ІІД уақытша ұстау абақтысына қамалды. Ал Д.Әпейісова мен Ш.Шәміл кінәсін толық мойындағандықтан және кішкентай балаларының болуына байланысты қамауға алынған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024