Астанада Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот отырысы басталды – Аудио-видео түсіруге тыйым салынды
Астана. 20 қыркүйек. 7kun.kz – Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот отрысы Астана қаласының №2 Байқоңыр аудандық сотында өтуде, деп хабарлайды 7kun.kz.
БАҚ өкілдері Zoom жүйесі арқылы қатысуда.Сот басталар алдында Қайрат Сатыбалды туған інісі Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішпен видео арқылы сөйлесті.
«Самат, қалайсың? Самат, ағаның қасында бол әрқашанда. Бәрін істе, онымен кеңес, жарай ма?», - деді Қайрат Сатыбалды бауырына.
Сот отырысында аудио-видео түсіруге тыйым салынды.
Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын хабарлаған болатын.
Қайрат Сатыбалдыұлы 2022 жылдың 13 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілетін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған болатын.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024