Астана. 25 қараша. 7kun.kz – Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелері арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін, топтың белсенді қатысушысын, сондай-ақ криминалдық «беделдіні» ұстады, деп хабарлайды 7kun.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Олардың биыл сәуірде елордадағы түнгі клубтардың бірінде болған криминалдық жанжалға қытысы бар екені анықталды. Сол кезде атыс қаруынан екі адам жарақат алған еді.
Күдіктілер аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Олар қамқорлық көрсетуге және Ақмола облысының бизнесмендерінің арасындағы мүліктік дауды шешуге уәде берген, төлем ретінде өңір аумағындағы құны 150 млн теңге болатын екі үй мен екі коттеджді өз туысқандарының атына ресімдеуге көндірген.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024