«Қазпошта» АҚ мен Астана қаласының әкімдігі сандардан тұратын жаңа индекстерді қолдану меморандумына қол қойды деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Меморандум жаңа пошталық индекстердің қолдану қарқынын кеңейтіп, қаланың мекен-жай тақталары мен карталарында белгіленуін қамтамасыз етеді. «Қазіргі таңда жаңа индекстер жүйесі Астана мен Петропавл қалаларында пилотты түрде қосылған. Жобаның басталғанынан жаңа индекспен 17 мың конверт жіберілген. Индекс әр ғимаратқа тағайындалып, көшенің атымен байланыспағандықтан, пошташылар мен жедел көмек қызметкерлеріне ыңғайлы болады» - деп түсіндірді «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин. Жаңа жеті таңбалы пошталық индекс әріптер мен сандардан тұрады. Алғашқы таңба облысты, келесі екеуі қала мен ауданды, ал қалған төртеуі ғимаратты көрсетеді. Әркім өзінің жаңа индексін веб-сайттан мекенжайын енгізіп таба алады.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024