Алматы. 26 қаңтар. 7kun.kz – Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі айтарлықтай кеңейеді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Клиенттердің ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерді алу тәжірибесіне сүйене отырып, біз ХҚКО-да қызмет алған азаматтар басқа органдардың – БЖЗҚ, коммуналдық қызметтер, әкімдіктер және басқалардың табалдырығын аттайтынын түсіндік. Сондықтан біз барлығын шоғырландырғымыз келеді. Осы арқылы азаматтардың барлық мәселелері бірден шешілуі үшін бұл ұйымдар бір ғимаратта орналасады», – деді Бағдат Мусин ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.
Министр елордада «суперХҚКО» пилоттық режимде жұмыс істей бастайтынын атап өтті.
«Бүгін біз Астана әкімдігімен бұл біртұтас кеңістік болады деп келістік. Яғни азаматтарға жайлы және сапалы қызмет көрсетуге арналған «супер ХҚКО», – деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024