2015 жылдың тамыз айында Астана қаласында 476 кәсіпорын мен мекемелер тіркеліп, 159 кәсіпорын жабылған. Қайта тіркелген субъектілердің басым бөлігі "Алматы" (52,3%) және "Сарықарқа" (30,9%) аудандарында орналасқан. Бұл жөнінде қалалық статистика департаментінде хабарлайды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) ретінде тіркелген жаңа заңды тұлғалардың саны - 448. Сонымен бірге, тіркелген кәсіпорындар мен мекемелердің ішінде 11 - қоғамдық бірлестіктер мен қорлар, 8 - тұрғын-үй құрылыс кооперативтері, 4 - заңды тұлғалар бірлестіктері, 2 - жеке мекемелер, 1 - мемлекеттік мекеме, 1 - пәтер иелерінің кооперативі және 1 - жеке қор. Жойылған 144 кәсіпорынның 4 - қоғамдық бірлестіктер мен қорлар, 3 - акционерлік қоғамдар, 2 - мемлекеттік мекемелер, 2 - пәтер иелерінің кооперативтері, 2 - заңды тұлғалар бірлестіктері, 1 - өндірістік кооператив, 1 - тұтынушы кооперативі бар. Ағымдағы жылдың тамызында тіркелген заңды тұлғалар жетекшілерінің ішінде ер адамдар саны - 302, әйел адамдар - 174. Ал, жабылған кәсіпорындардың басшылығында 125 ер адам, 34 әйел адам болған.Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





