Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысы өтуде

Астанада ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысы өтуде

Астана. 14 қазан. 7kun.kz Елордада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің басшылары кеңес өткізуде, деп хабарлайды 7kun.kz.

Кеңес отырысына Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан және Тәжікстан басшылары қатысып жатыр.

«Бүгін Кеңестің қарауына гуманитарлық әріптестік, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқа да маңызды мәселелер қарастырылады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ТМД мемлекеттері басшыларына халықаралық іс-шараларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтты. Сондай-ақ ол Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтың отырысқа алғаш рет қатысып отырғанын атап өтті.

Похожие материалы