Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанадағы Сирия туралы келіссөздің бірінші күні қалай аяқталды?

Астанадағы Сирия туралы келіссөздің бірінші күні қалай аяқталды?

Женевадағы кездесудің жолын жеңілдету мақсатында Астанада ұйымдастырылып отырған келіссөздің бірінші күні аяқталды. Ондағы талқыланған мәселелер мен ұсынытар бүкіл әлемді қызықтырып отыр. Себебі кездесу жабық есік артында болды. Әлемдегі ең түйткілді геосаяси проблеманың түйінін шешу процесі қалай өткендігі жайында шолу ұсынамыз.

Елордада өтіп жатқан сириялық реттеу жөніндегі халықаралық кездесудің (Астана процесі) екінші күнгі кездесуін түскі 14.00-де аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тараптар сағат 14.00-де Астана процесінің нәтижелерін жария ету үшін қорытынды баспасөз мәслихатына шығады деп күтілуде. Қабылдаушы тарап келіссөздерге қатысушы барлық делегация өкілдеріне баспасөз мәслихаты өткізілетін арнайы зал дайындап қойған.

[caption id="attachment_60214" align="alignnone" width="744"] Tass[/caption]

Кепіл-мемлекеттер не дейді?

Ресейлік Тасс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Астанадағы келіссөз нәтижесінде Ресей мен Түркия және Иран әлемнің бірнеше мемлекетінде тыйым салынған террорлық ұйымдар «Ислам мемлекеті» және «ан-Нусрамен» бірігіп күрес жүргізетін болды.

Сириядағы оқ атуды тоқтату үшін бұл мемлекеттер үш жақты мониторинг механизмін жасап шығаруды жоспарлап отыр. Иран, Түркия, Ресей, сонымен бірге, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254 резолюциясына сай Сирия жөніндегі келісімді қайта қарау қажет деп есептейді. Бұл ретте аталмыш тарап БҰҰ эгидасы бойынша 8 ақпанда Женевада өтетін кездесуде Сирияның үкіметі мен оппозициясын қатар қолдауы қажет және де осы кездесуге қатысуды көздеп отырған оппозицияның қарулы топтарына қолдау көрсетулері тиіс.

Сириялық үкімет пен қарулы оппозиция топтарының өкілдері

Кешегі кездесуден соң, Сириялық оппозиция өкілі Яхья аль-Ариди журналистердің сұрағына: «БҰҰ арнайы елшісінің қатысуымен оппозиция өкілдері ресейлік және түркиялық тараппен кездесті. Олар айрықша сауалдар туралы, яғни бүкіл ел бойынша оқ атуды тоқтата алатын режимді құру туралы сөз етті. Ертеңгі кездесуде әр тарап Сирияда бейбітшілік орнатудың өзіндік жолдарын ұсынуы қажет. Сонымен қатар, елдегі гуманитарлық жағдай туралы және қоршауды алу мен тұтқындарды босату туралы да сөз болды. Саяси жағдай да әңгіме аясынан тыс қалмады. Бұл кездесудің нәтижесі көрінеді деген де пікірлер жоқ емес», - деп жауап берді. 

[caption id="attachment_60215" align="alignnone" width="894"] express-k.kz[/caption]

Естеріңізге сала кетейік, Сирия үкіметінің өкілі ретінде бұл кездесуге оның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Башар аль-Джафари қатысты. Ал Сириядан 15-ке жуық оппозициялық қарулы топ өкілдері қатысты. Ресейлік делегацияны оның Сирия жөніндегі мәселелерді реттеуші арнайы өкілі Александр Лаврентьев басқарды, ал Иран мен Түркиядан осы мемлекеттердің СІМ орынбасарлары келді.

Барлық тарап кездесуді нәтижелі болды деп бағалап жатқанда, Сириялық күрдтер Астанада қабылданған шешімді орындамайтынын жариялады. Бұл туралы Риа-новости хабарлады.

«Біз Астана қандай шешім қабылдаса да, онымен келіспейміз... Келіссөзге қатысып жатқан тараптар мен кепіл-мемлекеттердің өздері Сириядағы дағдарыстың бір бөлігі болып саналады. Сондықтан олар сирия халқына қажетті шешіммен есептеспейді», - делінген хабарламада.

Күрдтердің ойынша Сириядағы мәселені шешу үшін ондағы барлық ұлттар мен конфессиялардың қатысуымен кеңес өткізу қажет.

Ал "Джейш аль-Ислам" тобының атынан келген Мохаммед Аллуш «Біз сириялықтардың қантөгісіне біржола нүкте қою үшін және оқ атуды тоқтату үшін келдік», - деді.

[caption id="attachment_60212" align="alignnone" width="761"] tengrinews.kz[/caption]

Сонымен қатар, Ассошиэйтед пресстің хабарлауынша БАҚ өкілдеріне арналған видеода сириялық көтерілісшілердің атынан келген Мохаммад Алуш Сирия Президенті Башар Асадтың үкіметін және оны қолдаушыларды террорлық ұйым деп атады және де ливандық «Хезболламен» қосып барлығын халықаралық қауіпті террорлық ұйымдардың тізіміне енгізуді ұсынды.

Астана келіссөз процесіне араласты ма?

Кездесу барысында ҚР Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко журналистердің сұрағына жауап берді. Өз кезегінде ол кездесудің қалай өткені және тараптардың қандай қорытындыға келгені айтылды.

«Олар бір үстелде тек қана кездесудің басында отырды, кейіннен, әр тарап өздерінің келісім жасайтын бөлмелеріне кетті», - деді Роман Василенко.

[caption id="attachment_60218" align="alignnone" width="1000"] Қазинформ[/caption]

Ол біраз уақыт бұрық БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Қазақстан бұл келіссөзге араласпайды, тек қана кездесу өтетін орын ұсынады деген.

Нәтижесінде, кешегі кездесу кепіл-мемлекеттердің «ИМ» және «ан-Нусра» террорлық ұйымдарына бірігіп қарсы шығу туралы келісімге келгенімен, сириялық үкімет пен оппозицияның өзара айыптауларымен тарасты.

Бүгін, 24 қаңтарда, қайта жалғасатын жиын қандай нәтижемен аяқталатынын күтетін боламыз.

Естеріңізге сала кетейік, кезедсуге барлығы Ресей, Иран мен Түркия және АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Кролдан бөлек тағы да 7 тарап қатысып отыр.

Похожие материалы