Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада жаңа форматтағы гастрономиялық базар салынады

Астанада жаңа форматтағы гастрономиялық базар салынады

Алматы. 27 шілде. 7kun.kz – Астанада мәскеулік Данилов базарының принципімен жұмыс істейтін гастрономиялық базардың құрылысы басталды. Оның басты ерекшелігі –  сатып алған азық-түліктен базардың басында кез келген тағамды дайындатып жеуге болады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Мәскеудегі Данилов базары қала тұрғындарымен бірге туристердің сүйікті жерлерінің бірі. Себебі, онда азық-түлікті сатып алып, базар аумағындағы дәмханаларда дайындадып тамақ ішуге болады. Базарда түрлі жәрмеңкелер, гастрономиялық фестивальдер мен белгілі бас аспаздардың шеберлік сыныптары жиі өткізіледі.

«Ол адамдар тек жаңа піскен әрі сапалы азық-түлік алу үшін ғана емес,уақытты көңілді өткізу үшін баратын жер. Данилов базары тек сауда-саттық жасайтын жер ғана емес, дос-жарандармен кездесіп, дәмді тағам жеп демалатын орын. Яғни, ол тұтынушының менталитетін тұтас өзгертеді», - деді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту бақсармасы басшысының орынбасары Рысгүл Қауғабаева.

Айта кетейік, бүгінгі күні Мәскеудегі Данилов базарында 30-дан астам мейрамхана мен дәмхана бар. Онда азық-түлік сатып алумен бірге түрлі ұлттардың асханасынан дәм татуға болады.

Астанада ашылатын жаңа гастрономиялық базарда да түрлі өнімдер мен тағамдар болады деп жоспарланып отыр.  Себебі, жаңа гастрономиялық базар үздік фермерлік өнімдермен бірге әлемнің түкпір-түкпірінен түрлі деликатестерді ұсынатын болады.

Сауда орталығында азық-түлікті сақтауға қажетті тоңазытқыштар, қойма. тауар түсіретін орындар мен өнімдерді бөліп, тұздау орындары болады. Сатушылар заманауи сауда сөрелерімен қамтылады.

Жаңа гастрономиялық базар Сарыарқа ауданында Ш.Айтматов көшесі мен 189 көшенің қиылысында болады. Базардың ашылуы 2019 жылы болады деп жоспарланған.

Похожие материалы