Ұлттық валюта курсының өзгерісіне қарамастан Астанадағы жанармай бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы Астанадағы брифинг кезінде қала әкімінің орынбасары Андрей Лукин хабарлады.
Оның атап өтуінше, Қазақстандағы энергетика министрінің үкімі бойынша Аи-80 жанармайын литріне 89 теңгеге, Аи-92 жанармайын литріне 109 теңгеге және дизельді отынды 99 теңге бағасында сату туралы арнайы шектеу қойылған. "Қаладағы жанармай бағасы теңге курсының өзгерісіне қарамастан тұрақты болып отырады", - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары. А.Лукиннің мәлімдеуінше, барлық жанармай құю бекеттеріндегі бөлшек сауда бағалары арнайы белгіленген мөлшерде тұр. "Бағалардың көтерілгені туралы фактілер тіркелген жоқ", -деді ол. Еске салайық, 20 тамызда Қазақстан теңге дәлізінен бас тартып, ұлттық валютаны еркін айналымға жіберді.Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024