Астана. 31 мамыр. 7kun.kz - 2017 жылдың соңына дейін Астанада 111 үй алынып тасталынады. Бұл туралы Астана әкімдігінің медиа орталығына Тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Асхат Елеужанов хабарлады.
Апатты жағдайдағы бұл үйлерде тұратын 1 700 отбасыға қаланың басқа аудандарынан баспана ұсынылды.
Жоба бойынша негізінен тозығы жеткен, өткен ғасырдың 40-70 жылдары салынған үйлер құлатылады. Басқарма өкілінің сөзінше, бұл үйлерде тұру тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіпті. Жоба шартына сәйкес, апатты баспананың орнына пәтер иесіне қаланың басқа аумағынан дәл сол пәтердің ауданына сәйкес баспана беріледі. Тұрғын үй басқармасының өкілінің айтуынша, бұл жағдайда тұрғын үйдің бөлмесі мен отбасы мүшелерінің саны есепке алынбайды. Тек тұрғын үйдің жалпы ауданы ғана ескеріледі.
Айта кетейік, бұл жоба 2013 жылда бері жүзеге асып келеді. Содан бері Астанада 117 апатты жағдайдағы үй күреліп, 1 500 отбасы жаңа орынға қоныстанды. «Қазіргі уақытта Астананың кейбір тұрғындарында төтенше жағдайда тұрған апатты үйлерді алып тастау жұмысы алдағы ЭКСПО көрмесімен байланысты деген жаңсақ пікір бар. Негізінде ол жобаға сәйкес ағымдағы жұмыс. 2017 жылдың соңына дейін Астанада 1 700 отбасы тұратын 111 апатты үйді сүру көзделіп отыр», - деді А. Елеужанов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024