Алматы. 25 тамыз. 7kun.kz – Астананың қажеттілігі үшін 154 мың тонна коммуналдық-тұрмыстық көмір түсірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50%-ға артық. Бұл туралы «Қазақстан теміржолы» АҚ өткен жиында Астана станциясының басшысы Ертас Бейісбеков айтты, деп хабарлайды elorda.info.
Ұлттық жүк тасымалдаушыда әлеуметтік-маңызды өнімдер, соның ішінде көмір тасымалымен қамтамасыз ету үшін вагондар жеткілікті.
Ертас Бейісбековтің айтуынша, теміржолшылар көмір тиелген жерлерден келетін түсім көлеміне, көмір тиеліміне, кіреберіс жолдардағы көмірдің қалдықтарына үнемі мониторинг жүргізіліп отырады. Тиімді тасымал үдерісін құру үшін жүк тасымалына қатысты өтінімді алдын ала беру керек. Вагондар тұрып қалуын болдырмау үшін жүк түсіру технологиясын сақтап және түрлі кіреберіс жолдарды пайдалану керек.
«Жалпы, 2018 жылы Қазақстан бойынша 106,5 млн тонна көмір тасымалдау жоспарлануда, соның ішінде тұтынушылар үшін 71,9 млн тонна, болжанған көлем 2017 жылдағы тасымал көлемінен 3,5%-ға көп. Осы жылдың 7 айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желілері бойынша 56 млн тоннадан астам көмір тиелген. Соның ішінде республика ішіндегі қатынаста 34,4 млн тонна тасымалданған, бұл 2017 жылдағы тасымал көлемінен 0,6%-ға артық. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін 4,5 млн тонна көмір тасымалданған, бұл өткен жылдағы көрсеткіштен 10%-ға жоғары», - деді компанияның баспасөз қызметінде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024