Ұлы Отан соғысы (ҰОС) Жеңісінің 70 жылдығына орай Астана қаласының ардагерлері 1,2 млн теңгеден алады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын мерекелеу аясында жергілікті бюджеттен ардегерлерге 1 100 000 теңге, республикалық бюджеттен ардагерлер мен ҰОС мүгедектеріне 100 000 теңге төленеді", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ республикалық бюджеттен Мәскеудегі Жеңістің 70 жылдығына арналған әскериге шеруге қатысатын екі ардагердің барлық жол шығындары төленеді.
Әкімдіктің атап өтуінше, тыл еңбеккерлері, ҰОС қайтыс болған қатысушылары мен мүгедектерінің әйелдеріне және ҰОС ардагерлерінің жәрдемақысына теңестірілген барлық тұлғаларға ақшалай төлем беріледі.
Астана қаласының әлеуметтік бағдарлама және жұмыспен қамтылу Басқармасының мәліметі бойынша, бүгінде Астана қаласында ҰОС-ның 210 ардагері тұрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024