Экономика
IT, Технология
Астананың көлік жүргізушілеріне InDriver қосымшасы ақылы болатын болды
Такси шақыруға арналған ІnDriver мобильдік қосымшасы Астана жүргізушілері үшін ақылы болмақ.
Жасаушы компанияның баспасөз-хатшысы Надежда Алексееваның айтуынша, қосымша Астана қаласының көлік жүргізушілеріне 25 мамырдан бастап ақылы болып бекітілген.
Қосымшаның ішінде төлем жүргізудің жүйесі түсіндіріледі. Жүргізушілер төлейтін жарнаның көлемі бір ауысымға 400 теңге. "Бір ауысым таңғы сағат 5-тан ертеңгі 5-ке дейін жалғасады. Ауысымды кез келген уақытта қосқан жүргізуші тізімде пайда болып, қызмет көрсететіндер ішінен шыға келеді", - дейді құрастырушылар.
inDriver қосымшасында "Қаражат" атты бет бар. Ол жерде жүргізушінің жеке шоты көрініп тұрады. Қосымшада есеп "тиындармен" есептеледі. 1 тиын - 20 теңгеге тең. Бір ауысым - 20 тиын (400 теңге).
Өзге қалаларда қызмет әзірге тегін. Десе де, жасаушылар болашақта ақылы ететіндігін айтып отыр. Яғни, барша қазақстандық жүргізушілер үшін ақылы болады.
inDriver Қазақстанның 15 қаласында жұмыс істейді. Алексеева алдағы уақытта тағы бірнеше қалаға арналып жасалатынын айта кетті.
Аталған сервис Қазақстанда 2014 жылдың желтоқсан айында қосылған болатын. Бұл қосымша арқылы сіз жақын жерде жүрген жүргізушілерді іздеп тауып қана қоймай, өзіңіз белгілеген бағаға келісуге мүмкіндік береді.