Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астананың жылу жүйесін реттеуге 1,2 млрд теңге бөлінеді

Астананың жылу жүйесін реттеуге 1,2 млрд теңге бөлінеді
2015 жылы Астана қаласындағы жылу жүйесін жетілдіруге 1,21 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл жөнінде "Астана-Жылутранзит" АҚ басқарма төрағасы Бекежан Сейітжанов мәлімдеді. — Құбыр желісі жұмыстарына кететін мерзім әрқалай болады. Барлығы құбыр желісін төсеуге байланысты. Жылу желісін жетілдіруге 1 млрд 210 млн теңге бөлуді жоспарлап отырмыз, — деді ол пресс-тур барысында. Компания басшылығының мәліметі бойынша, 2013-2015 жылдарға арналған үш жылдық бағдарламаға 3,458 млрд теңге бөлінген. Жүзеге асыру барысында қаланы жылумен қамтамасыз ету, жылу желілерін дамыту бағыттары баса назарда болады. — Астанада жер асты суының деңгейі жоғары. Құбыр желілерін төсеу барысында су оның ішкі ортасына әсер етіп, коррозия пайда болады. 2014 жылы жабдықтардың  техникалық тозуы 0,8 пайызға азайтылған еді. Осы жылы ол көрсеткішті 1 пайызға азайтқымыз келеді, —дейді ол.

Похожие материалы