Астана. 6 желтоқсан. 7kun.kz – Түнгі клубтың 22 жастағы бармені есірткі таратқаны үшін ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz порталы.
Полиция мәліметінше, ол түнгі клубта жастарға мефедрон сатып келген. Жалға алған пәтерін тінту кезінде каннабис пен синтетикалық есірткі табылды. Бұл шамамен 20 дана бір реттік дозаны құрайды. Соның бәрін түнгі клубта сатуды жоспарлаған.
Жедел іздестіру шаралары барысында барлығы 4 грамм мефедрон және 11 грамм гашиш тәркіленді.
Қазір есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024