Алматы. 08 тамыз. 7kun.kz — 200 милиция қызметкері Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың үйіне екінші рет "шабуылдады", деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Сайттың ақпараты бойынша, Атамбаевтың 400 жақтаушысы милицияға қарсы шығып, Молотов коктейлі мен тас лақтырған. Жанжал кезінде тәртіп сақшылары жарық-шу гранаталарын қолданған. Осыдан кейін Атамбаевтың жақтастары шегінді.
Elgezit.kg мәліметінше, құқық қорғау органдары бұл жұмысқа 600 қызметкерді жұмылдырған.
Еске сала кетейік, 7 тамызда Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау бойынша арнайы операция өтті. Шабуыл кезінде арнайы "Альфа" жасағы командирінің орынбасары қаза тапты.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024