«Атамекен» ҰКП Нұрсұлтан Назарбаевқа атқарылған жұмыстар туралы есеп берді
Астана. 23 қаңтар. 7kun.kz - Қазақстан президенті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлайды.
Президиум төрағасы Тимур Кулибаев және басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мемлекет басшысын ҰКП-ның 2016 жылы атқарылған жұмыстар қорытындысымен таныстырды. Кездесуде республикадағы бизнес-бірлестіктің дамуы мен алдағы уақыттағы жоспарлары айтылды.
«Үкімет үнемі бизнесті қолдауға бағытталған жұмыстар жүргізеді. Жүйелік негізде заң актілеріне уақытылы өзгерістер енгізу жұмыстары жасалады, тексеру ұйымдарының саны қысқарды, жоспарланған тексерістер кейінге қалтырылды. Кәсіпкерлер заң шығару процесіне белсенді ат салысады. Бұл елдің жалпы ішкі өніміндегі бизнес үлесінің көбеюіне әсер етеді»,-деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, «Бизнеске мемлекет тарапынан көрсетілген көмек пен қолдауларға жауап беретін уақыт келді. Азаматтардың назарын кәсіп саласына аудару маңызды. Кәсіпкерліктің ел экономикасындағы үлесін көбейту керек», - деді мемлекет басшысы.
Палата басшылығы қазіргі уақытта шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 25 пайыз болды дейді. Онда үш милионға жуық қызметкер жұмыс істейді. 2016 жылы 11,2 триллион теңгенің өнімі шығарылды. Бұл 2015-ші жылмен салыстырғанда 6 пайызға көп.
«Бас прокуратурамен және парламент депутаттарымен шағын, орта бизнестің әртүрлі салаларындағы санитарлық-эпидемиялогиялық талаптарды қайта қарау жұмыстары атқарылып жатыр»,-деп айтып кетті Абылай Мырзахметов.
Одан бөлек, ҰКП-ның басшылығы отандық өндірушілердің жұмысын оңай әрі тиімді ету үшін мобилді сервистер құру жұмыстарымен де айналысып жатқандықтарын жеткізді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024