Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Атамекен" ҰКП жалғыз операторға айналуы мүмкін

"Атамекен" ҰКП жалғыз операторға айналуы мүмкін

ҚР "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық нарық тауарларының анализі мен мониторингінің жалғыз операторына айналғысы келеді. Бұл жөнінде "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Рустам Жүрсінов жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы кеңес отырысында мәлімдеді.

«Кәсіпкерлік кодекс аясында бірқатар депутаттардың Ұлттық кәсіпкерлер палатасына нарық тауарларының анализі мен мониторингінің жалғыз операторы дәрежесін беру туралы ұсыныстарын мақұлдауларыңызды сұраймын», - деді Р. Жүрсінов.

Оның айтуынша, бұл заңнамалық база қалыптастырып, сол арқылы жүйелі негізде қажетті ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталған мәліметтерді өңдеп, мемлекеттік органдарға беруге де болады.

«Бұған қоса, статистикалық деректер "Самұрық-Қазынаның" жұмыс қарқынын арттыруға көмектеседі», - деген ойда Р. Жүрсінов.

ҰКП басқарма төрағасы аталған бастаманы қолдап, кәсіпкерлік кодекс аясында бекітуге ұсыныс тастады.

Похожие материалы