"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және мемлекетік қызмет істері жөніндегі агенттік сыбайлас жемқорлықпен бірлесіп күресу турасындағы келісімге қол қойды.
Палатаның баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, құжатта Қазақстандағы бизнесті дамытуды қолдау және жұмыстың ашық болу принциптері аталады. Бұған қоса құжаттарды қарастыру процедураларын қарапайым ету және қысқарту жөніндегі ережелері қамтылған. Сонымен қатар, келісімде жалпы қоғамға сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамау мәдениетін енгізу әдістері бар. "Атамекен" ұлттық палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев ресми жемқорлыққа қарсы заңнама аясына жатпайтын ұлттық компаниялардың қызметіне назар аударды. "Бізде мемлекеттік сыңайлы сектордың қызмектерлері көп - бұл "Самұрық-Қазына" және Ұлттық банк қызметкерлері. Олар мемлекеттік қызметке жатпайды, бірақ ауқымды қаражатты басқарады әрі қоғамдық және мемлекеттік бақылаудан тыс қалып отыр. Және осы топқа да біз дұрыс ыңғай табуымыз керек. Егер мемлекеттік сыңайлы сектордың, Ұлттық банктің қызметкерлері кәсіпкерлерге, мемлекетке қандай да бір зиян келтіретін болса, олар заң алдында жауап беруі тиіс", - деп мәлімдеді ол. Жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Қайрат Қожамжаров келісімге қол қою екі органның бірлескен жұмысына жүйелік сипат беретінін айтты. "Біз оң эффектіні күтіп отырмыз, бизнес мұны сезінуі тиіс. Ал мемлекет бизнес тарапынан болатын ескертулерге әрекет ету керек", - деді агенттік төрағасы. Бұл ретте ол Жемқорлыққа қарсы әрекет ету кеңесінде Ұлттық палата өкілдері бар екенін атап өтті. Өз кезегінде, Т.Құлыбаев агенттікті кеден органдарының жұмысына назар аударуға шақырды. Оның айтуынша, олардың қызметтері бойынша көптен түрлі меселелер туындап жүр. Бұған қоса, ол астанадағы жаппай улану және Алматы базарларындағы ірі өрттер үшін мемлекеттік қызметтер жауапты екенін атап өтті. "Біз адал қазақстандық өндіршілерді қолдаймыз. Базардағы өрттер қандай резонанс тудырғанын еске сала кетейін! Олардың барлығы да өртке қарсы сертификаттаудан өткен. Және мемлекеттік қызметкерлерді бір де бірі жазаланбады. Қоғамдық тамақтану саласында да осы жағдай. Санитарлық нормалардың бұзылуына қатысты сорақы әрекеттер болып жатыр, мұнда да мемлекеттік қызметкерлердің бір де біреуі жауапкершілік тартып жатқан жоқ!", - деді Ұлттық палата басшысы. Қорытындылай келе, ол заңнамалық деңгейде мұндай жағдайлардың туындау ықтималдығын төмендетуді, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттыруды ұсынды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024