Алматы. 1 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көлемі өзгереді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, тиісті заң жобасы 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енеді.
«Егер қазіргі таңда кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50% деңгейінде айқындалып, 14 849 теңгені (шамамен 40 доллар) құрап отырса, Елбасы тапсырмасы бойынша кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50%-дан 70%-ға дейін көтеріледі және 20 789 теңгені құрайтын болады», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Рrimeminister.kz-ге берген сұхбатында.
Осылайша, атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін критерий 1 сәуірден бастап өмір сүру деңгейі жоғары болғандықтан, атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі жоғарылайтын Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Маңғыстау облысынан басқа барлық өңірлерде 20789 теңгеге дейін арттырылатын болады.