Қазақстандық коммерциялық АТФ Банкінің директорлар кеңесінің құрамы жаңарды.
Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған банктің хатында жазылғандай басқарманың жаңа мүшелері ретінде басқарушы директор Елдос Жұмабаев, атқарушы директорлар Нұркен Досмұхамбетов және Сергей Коваленко таңдалған. Алтын Туғанбаева АТФ Банктің басқарма мүшесі ретіндегі қызметін мерзімінен бұрын тоқтатты. Басқарма құрамында басқарма төрағасының орынбасары Мұхтар Бөбеев, Римма Патахова, Гүлнар Балахметова, Даурен Керейбаев және басқарушы директоры Антон Ли қалды. Банк басқарма төрағасы - Энтони Эспина. Өкілеттілігінің мерзімі 2019 жылдың 13 мамырына дейін деп анықталған. АТФ Банк Ғалымжан Есенов басқаратын қазақстандық KNG Finance холдингіне тиесілі. 2016 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша банк 35 қазақстандық қаржы институттарының арасында 6 орын иеленеді. Еске салайық, бұған дейін банктің директорлар кеңесінде 7 адам еді, енді олардың саны 9 адамға ұлғайды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024