Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz - АТФ банк сатылмайды, қосылмайды. АТФБанктің Басқарма төрағасы Энтони Эспина бүгін Алматыда журналистермен кездесуі кезінде осылай деді.
Яғни банк қазіргі кезде бірігу, сатылу мәселелерін қарастырмайды. Сондай-ақ басқа банктерден АТФ банкті сату туралы ұсыныс түспеген.
«Әртүрлі ақпарат болды. Шынын айтсақ M&A (Қосылу мен бірігу ағыл.. mergers and acquisitions) көксегендер үшін біз үлкен мақсат болуымыз мүмкін. Өйткені біздің әлеуетіміз үлкен. Тіпті, мен бізге неге мұндай ұсыныс түспегенін түсінбеймін», - деді Энтони Эспина.
Еске салайық, 2016 жылдың соңында бірқатар банктер жабылып, бірігетіні туралы ақпарат тараған болатын. Одан кейін Қазком мен Халық банкі қосылатын туралы ақпарат пайда болды. Екі банк бастапқыда жоққа шығарғанымен, кеше келіссөздер басталғаны туралы хабарлады. Алайда ол бірігуге қатысты ма, ол туралы ақпарат жоқ.
Бүгін сондай-ақ ЦентрКредитбанктің кореялық үлескері өз үлесін сататыны туралы хабарлады. Ресми емес ақпарат көздері оны банктерді бірі сатып алуы мүмкін дейді.