АҚШ. 24 мамыр. 7kun.kz – Disney World-қа демалуға барған әйел адам Apple сағатын жоғалтып, соның кесірінен қыруар ақшасынан айырылды. Белгісіз біреулер гаджет арқылы 40 000 доллардан астам (шамамен 16,8 миллион теңге) несие рәсімдеген. Бұл туралы Apple Insider порталы хабарлады.
Әйел адам «Немомен және оның достарымен теңіз» аттракционына мінген кезде қолындағы сағаты ұшып кеткен. Кейін ол несие картасы арқылы зат сатып алғаны туралы хабарламалар ала бастаған. Сағатты тауып алған қаскөйлер гаджетке қосылған төлем карталары арқылы зат сатып ала бастағанын түсініп, карталарды бұғаттағанға дейін әйел адам 40 000 долларынан айырылыпты.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024