
Алматы. 10 қыркүйек. 7kun.kz – Атырау мұнай өңдеу зауыты 8 айда 3 миллион 502 мың 907 тонна мұнай өңдеді.
«Энергетика министрлігінің жоспары 100% орындалды. Тек тамызда ғана 457 936 тонна шикі мұнай өңделді. Жалпы өңделген шикізаттағы ашық түсті мұнай өнімдерінің үлесі тамыз айындағы жоспар бойынша 70,1% болуы керек болса, нақты өнім 70,7% жетті. Яғни, 8 айлық жоспар 100% жүзеге асырылды», - деп хабарлады Атырау МӨЗ.
2017 жылы Атырау мұнай өңдеу зауыты жыл бойынша 4,7 млн тонна мұнай өңдеген болатын.