
Атырау облысы. 19 тамыз. 7kun.kz – Шекара қызметінің әскери қызметшісі қаза болды. Бұл туралы Ұлттық қаіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады.
«2022 жылғы 17 тамызда Атырау облысында Мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде қызметін өткеріп жүрген Шекара қызметінің әскери қызметшісі Ерғалиев Нұрбек қайтыс болды. Сот-медициналық сараптау нәтижесі бойынша «кенеттен болған жүрек өлімі» анықталған», – делінген ҰҚК хабарламада.
Әскери қызметшінің өлім дерегіне қатысты тергеу органдары қылмыстық іс қозғады
«ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы әскери қызметшінің туғандары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, қаза тапқан адамның отбасына қажетті көмек беру шараларын қабылданып жатыр», – делінген хабарламада.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025