Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Атырауда балықшылар күні қалай тойланды?

Атырауда балықшылар күні қалай тойланды?

Алматы. 8 шілде. 7kun.kz - Атырауда балықшылар күніне орай 20 мың бекіре шабақтары өзенге жіберілді, деп xабарлайды  abctv.kz.

Атырауда балықшылар күні мерекесіне арналған іс-шаралар басталды. Таңертең  Жайық өзенінің жағасында спорттық балық аулау бойынша турнир өтті. Жеңімпаздар түрлі номинациялар бойынша жүлделер мен сыйлықтар алды.

Шипажай маңы жағалауында екі бекіре зауыты өзенге бекіре балықтарының 20 мың шабағын жіберді. Жас шабақтардың салмағы 3-тен 10 граммға дейін. «Бүгін 20 мың шабақты жіберуіміз кездейсоқ емес, биыл Атырау облысының аумағында жұмыс істейтін екі бекіре зауыты өздерінің 20 жылдық мерейтойын атап өтуде. Сондай-ақ, бұл маңызды күн Қазақстан астанасының 20-жылдығына тұспа-тұс келді. Бұл жыл сайынғы дәстүр жас балықтардың шығарылуы аймақтағы құнды балықтар санының артуына әсер ететініне сенімдіміз», - деді «Жайық-Атырау» бекіре зауытының директоры Гилман Сарсемалиев.

Іс-шара барысында фестиваль қонақтары үшін бекіре балықтардың көрмесі ұйымдастырылды. Онда ресейлік бекіре тұқымдас тікенек, белуга, стерлот және стелла бекірелерінің ересек түрлері көрсетілді.

Облыстық әкімдіктің алдындағы С.Бейбарыс алаңында Атырау өндірушілерінің балық өнімдерінің жәрмеңкесі басталды. Мұнда Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарына жаңа піскен, құрғақ және ысталған балықты, сондай-ақ әр түрлі жартылай фабрикаттарды сатып алуға мүмкіндік болды.

Мерекенің қатысушылары мен қонақтарын балықшылар күнімен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов құттықтады. «Жыл сайын біздің екі бекіре зауыты өзенге шамамен 7 миллионға жуық жас шабақтарды жібереді. Біздің өндірістік кооперативтер жылына 12 тоннаға дейін балық алады, олардың 85-90 пайызы экспортталады. Бұл - Атырау облысындағы балық өнеркәсібі жақсы қарқынмен дамып келе жатқанының тағы бір көрінісі», - деді Серік Жамбылұлы.

Іс-шараның барысында балық өнеркәсібінің ардагерлері мен осы сала қызметкерлері салтанатты түрде марапатталды. Атырау облысының әкімі атынан төрт қызметкерге алғыс хаттар беріліп, облыстың 15 тұрғыны ауыл шаруашылығы министрлігі мен орман және жануарлар дүниесі аймақтық комитеті дипломдарымен марапатталды.

Шара соңы тұрғындар назарына мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Осылайша балықшылар күні мерекесі сағат 19.00-де С.Бейбарыс алаңында мерекелік концерт және мерекелік отшашумен аяқталады.

Похожие материалы