Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz – Астана тұрғындары "7-20-25" бағдарламасы аясында сатып алып жатқан баспананың орташа құны 15 270 000 теңгені құрайды, деп хабарлайды "Баспана" Ипотекалық ұйымы.
Сонымен бірге, Атырау қаласының тұрғындары Алматыға қарағанда қымбатырақ баспана таңдап жатқаны анықталды. Атырау бойынша "7-20-25" бағдарламасы аясында таңдалған пәтердің орташа бағасы 13 480 000 теңге болса, алматылықтар шамамен 12 900 000 теңгелік пәтерлерге үйір.
Бағдарлама аясында тапсырыс берілген баспананың ең арзаны Қостанайда. Қостанайдағы үйдің орташа бағасы 7 400 000 тенгені құрайды. Арзан баспанасымен мақтана алатын өңірлер қатарында Ақтау (баспананың орташа бағасы - 7 900 000 теңге) мен Ақмола облысы (баспананың орташа бағасы - 8 170 000 теңге) да бар.
25 тамыздағы мәлімет бойынша, 1803 азамат "7-20-25" бағдарламасына қатысуға ниет білдіріп, 21,3 млрд. теңге сомасына тапсырыс берген. Оның ішінен 14 млрд. теңге сомасына 1190 азаматтың өтініші мақұлданды.
Қазіргі таңда, "7-20-25" бағдарламасы аясында Центркредит банкі, АТФБанк, ЦеснаБанк, Bank RBK мен Еуразиялық банк халыққа несие беруде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024